Өлең, жыр, ақындар

Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңзы және оны қорғау

Күні: 03.12.2016 Сабақтың тақырыбы: Өзендер мен көлдер.  Адам тіршілігі үшін судың маңзы және оны қорғау. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі. Қазақстанда кездесетін өзен- көлдердің аттарымен танысып, олардың адам тіршілігі үшін маңызын анықтау. 2. Дамытушылығы. Қазақстандағы ірі өзен мен көлдердің аттарын, қай жерде орналасқанын біледі. Жер бетінде өзен- көл суларын адамзат тіршілігі үшін қалай пайдланатынын түсінеді. 3. Тәрбиелігі. Қазіргі кездегі табиғи апаттардың себебін түсінеді, өз пікірін айтуға үйренеді. Табиғи байлықтарымызды сақтауға, суға қоқыстар тастамауға, суды үнемдеуге тәрбиелейді. Көрнекілігі: Қазақстан картасы, стикер, суреттер, карточкалар. Сабақтың түрі: Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс               Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен  сәлемдесу,сабақ қатысын  тексеру. ә) Психалогиялық дайындық. (шаттық шеңберін құру) ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. а) Үй жұмысын  анықтау және сұрау. ә) Қосымша тестік тапсырма арқылы үй жұмысын бекіту, бағалау.                Тестік тапсырма 1) Терек бір жазда судың буға айналдыруының жуық мөлшері?         а)2000л. Жуық     ә)15000л жуық     б)18000л жуық           2. Жер асты сулары қалай пайда болды?     а) көлдерден    ә) өзендерден  б) жауын-шашын, қар суы 3. Миералды судың бір литірінде қанша еріген тұздар болады?       а) 2-20гр          ә) 80гр   б) 30-35гр 4. «Арасан» сөзінің мағынасы?     а) минералсыз су  ә) тұзды су   б) шипалы су 5. Жердің қорғанышы?    а) күн мен ай  ә) тұзды су  б) аспан  ІІІ. Жаңа сабақ а) Өзен көлдердің аты бойынша топқа бөлу.    І-топ Каспий теңізі, ІІ-топ Байкал көлі, ІІІ-топ Арал теңізі. Ой қозғау: Қазақстандағы осы өзен мен көлдер туралы не білесіңдер? (Оқушылар білетінін айтып шығады картадан табады.) Топтық жұмыс: Әрбір топ кітаптағы мәтіннен өзінің тобымен аталатын өзен –көл, теңіз жайлы оқып, оқыған бөлігін басқа топтарға түсіндіріп береді.  Қажетті деректер: Өзен дегеніміз - табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Біздің ғаламшарымызда миллионнан астам өзендер бар болса, ал Қазақстанда 85мың өзен бар. Бастау- өзеннің басталар жерін айтады. Әдетте өзендер басын таулардан алып көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды. Миға шабуыл: «Кәріз суды қалай тазалауға болады?»  Дүние жүзлік мухиттың ластануы және қазіргі табиғаттағысудыңтапшылығы,экология жайлы бинефилм көрсетіледі. (Бинефилм ұзақтығы 4-6минут) Топтық жұмыс: Оқушылар көргені бойынша өз ойларын ортаға салып талқылап, араларынан бір оқушы шығып айтады. Сергіту сәті: (Оқушылар орындарынан тұрып, ойнап тұрған музыканың ырғағына түрлі қимылдар арқылы билеу.) Жеке жұмыс: «Адасқан балық» Тақтадағы суретте аквариуда жүзіп жүрген балықтардың суреті берілген. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, балақтың артындағы сұраққа жауап беріп, оны өздері қалаған көл немесе теңізге жібереді. 1) Мына өзендердің қайсысы астана қаласының аумағынан ағып өтеді?           а) Есіл     ә) Шу    б) Балқаш   в) Іле  г) Жайық 2. Қалада көп қабатты үйлерде күнделікті қолданылатын су қайда кетеді? 3. Балқаш көлі Қазақстанның қай аумағында орналасқан? Картадан көрсет. Дәптермен жұмыс: Төмендегі әріптерден Қазақстан өзендерінің атын құрастырып (бір әріпті бірнеше рет қолдануға болады) жаз. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау. (Стикерлер арқылы) Үйге тапсырма: Әлемде су тапшылығы болдырмас үшін не істер едің? Осы жайында досыңа хат жазып кел.  


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз